Ресей армиясы Угледардың түбінде тағы да тас-талқан болып жеңілді
КИЕВ. 7 ақпан. Украина әскерлері Донецк облысындағы Угледар елді мекенінің түбінде ресейлік басқыншыларға тағы да қирата соққы берді. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.
«Керемет жаңалық бар» деген Украина Қарулы күштерінің офицері ресейліктердің Угледар түбінде тағы да күйрей жеңілгендерін баяндады.
Ресейліктер Угледарға жаңа шабуыл бастауға әрекет жасады, бірақ мұның соңы олар үшін қалаға баратын жолда колонналарының жойылып кетуімен аяқталды.
«Ресей армиясы соңғы тәуліктер беделінде Угледар бағытында бірден бірнеше шабуыл жасауға талпыныс жасап көрді, алайда жорықтары сәтсіздікке ұшырады. Ресейліктер шабуылдарының қатты сәтсіз болғандары соншалық, Украина Қарулы күштері бұған қоса олардың түрлі типті бронды техникаларының отызға жуығын іске алғысыз етіп тастады», – деп жазды украин офицері әлеуметтік желіде.
Өткен түнде Украина территориясында Ресейдің тағы бір генералының көзі жойылды. Ресей мәнбелері оның әуе-десант әскерлерінің генерал-майоры Дмитрий Ульянов екенін айтып отыр. Ол Татарстаннан мобилизация жасалып келген солдаттарды басқарыпты.
Ал Бахмуттың түбінде «Вагнер» жеке әскер компаниясының содырлары өздерінің командирлерін пышақтап тастапты. Осы эпизодты Украина Қарулы күштерінің дроны арнайы видеоға түсіріп алыпты. .