Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украина әскерлері тәулікте 700 кәпірдің «жанын қыдыртып» жіберді

КИЕВ. 5 ақпан. Украина Қарулы күштері өткен тәулік ішінде жаудың 2 ПВО-сын жойып, 700 солдатын «Кобзонның концертін көруге» аттандырып салды. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.

Украина Қорғаныс министрлігінің Бас штабы 5 ақпан күні таңертең берген мәліметке бойынша, Ресей басқыншылары кеше тағы 700 жауынгерінен өлідей айырылған.

«Ресейліктер бүгін бұрынғыдан бетер осал бола түсті, себебі, соңғы сөткеде украин әскерилері олардың кем дегенде 2 әуе қорғанысы жүйесін жойып жіберді. Бұдан бөлек, оккупанттардың 2 танк пен 11 бронды машинасы металл сынығына айналды», – делінген хабарламада.

Ресей армиясының өлідей жоғалтқан әскерилерінің жалпы саны осымен 131 290-ға жетті.

Қазір Ресей басқыншылары Купянск, Лиман, Авдеевка, Бахмут және Новопавловка бағыттарында қайта-қайта шабуылға шығып жатыр. Бұлардың бәрінде де екі жақ таразы басын тең ұстап тұр.

Сонымен бір мезгілде Украина армиясы өткен тәулікте оккупанттардың Луганск облысындағы Кременная және Шипиловка, Донецк облысындағы Верхнекаменное, Благодатное, Красная Гора, Парасковеевка, Бахмут, Ивановское және Клищиевка елді мекендері аудандарындағы шабуылдарына тойтарыс берді.

Украина авиациясы дұшпанның жеке құрамы мен әскери техникалары шоғырланған аудандарға 5 рет соққы жасады, сондай-ақ 2 мәрте зенит-ракета кешендерімен атқылады.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні ресейлік қаныпезерлер Харьковтің инфрақұрылымдарын атқылады. Қалаға С-300 ракетасының «ұшып келгені» байқалып қалды. Үш адам зардап шекті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button