27 минут өлген әйел о дүние туралы айтып берді
МӘСКЕУ. 17 ақпан. Американың Аризона штатының тұрғыны Тина Хайнс 27 минут өмірі тоқтап қалып, өмірге қайтып келгеннен кейін бақилық дүниеде не көргенін айтты. Бұл туралы news-fancy.com сайты хабарлады.
Әйелдің жиен сіңлісі инстаграмда жазғандай, ол кенеттен жүрегі тоқтап қалғаннан кейін ана дүниеге төрт рет барып келген.
Медиктер келгенге дейін Тинаның тоқтап қалған жүрегін күйеуі қайта тіршілікке енгізген. Ауруханаға апара жатқан жолда дәрігерлер дефибриллятордың көмегімен пациентті аман сақтап қалуға күш салған. Инстаграмда Тинаның өзі жазғандай, ол клиникалық өлім халінде жалпы мөлшері 27 минут болған.
Ал өмірге қайта келіп, есін жиғаннан кейін әйелдің қағаз бетіне қаламмен жазған бірінші сөзі «Ол бар» болыпты. Туған-туыстары Тинадан мұның нендей ұғымды білдіретінін сұрағанда, ол жылап отырып, көк жүзін көрсетіпті.
Тинаның өз сөзіне қарағанда, ол клиникалық өлім халінде жатқан кезінде ашық сары түсті қақпаның алдында тұрған өзінің бейнесін көріпті.