ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Путиннің келуі құрметіне Волгоградтың аты шұғыл өзгертілгелі жатыр

МӘСКЕУ. 31 қаңтар. Волгоград басшылығы президент Владимир Путиннің келуі құрметіне қаланы «Сталинград» деп өзгертіп жібермекші болып жатыр. Бұл туралы «Диалог.Ua» хабарлады.

Алдағы 2 ақпанда Волгоградта Сталинград шайқасының аяқталған күні атап өтіледі, сол уақытқа дейін қаланың аты да қайтадан «мұртты көсем» диктатордың атына көшіп үлгереді. Уақытша…

Кеше, 30 қаңтарда РФ президентінің баспасөз хатшысы Путиннің 30 қаңтардан 5 ақпанға дейінгі аралықтың бір күнінде Волгоградқа сапар шегетінін баяндады. Бірақ узурпатордың 2 ақпанда Еділ жағасындағы қалада болатын-болмайтыны белгісіз.

Бүгін, 31 қаңтарда сондай-ақ әлеуметтік желіде қалаға кіреберіс жерлердегі сілтеме тақталардың ауыстырылып жатқан кадрлары жарияланды.

Жергілікті билік қалаға кіріп-шығатын жолдардың бәрінде оның атауы жазылған тақтайшаларды ауыстырып, Волгоградты Сталинградқа өзгертуге кірісіп кетіпті. Волгоград мэриясы қаланың атауын жылына бір рет осылай он күнге ауыстырып тұруға шешім қабылдаған. Биылғы жылы бұл Волгоградқа Путиннің жасайтын сапарына сәйкес келеді. Алайда ресейлік диктатордың «Сталинградта» қай күні болып қайтатыны әзірге құпия болып тұр.

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз қожайынының «Сталинградқа» міндетті түрде келіп үлгеретінін тәкпір етті. Жергілікті билік сол күні Путиннің «бас аспазы» Пригожин және елдің «бас тик-токері» Кадыров та келеді деп күтіп отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button