НАТО-дағылар енді Ресеймен тікелей қақтығысқа дайын екендерін білдірді
БРЮССЕЛЬ. 29 қаңтар. Солтүстік альянс Әскери комитетінің райысы Роб Бауэр өздерінің бұдан ары Ресеймен тікелей конфронтацияға келуге әзір екенін айтты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
НАТО басшыларының бірі соғыс инициативасы Ресей Федерациясына тиесілі болғандықтан, оған батыс мемлекеттері дайындығы күшті болуға тиіс екенін атап өтті.
Комитет төрағасы Роб Бауэр өз кезегінде НАТО-ның Ресеймен тікелей қайшыласып, тайталасқа түсуге толық дайын екенін мәлімдеді. Мұндай позицияны ол португалдың RTP телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Осыған сәйкес қозғалған мәселені қамтыған кезде Бауэр: «Біз дайынбыз» деді. Ол сонымен бірге НАТО-ның Ресей альянсқа мүше елдердің бірінің территориясына басып кіріп, «қызыл сызықтан» аттап кеткен жағдайда ғана оған жауап қайтаруға әзір тұратынын ескертіп өтті.
Бауэр өз сөзінде қазір соғыстың инициаторы Ресей жағында болып тұрғандықтан, НАТО-ға кіретін мемлекеттердің соғысқа жақсы дайындалуы қажет екенін атап өтті. «Сіздің жауыңыздың қару-жарағы сіздікінен күшті болса, ол жауыңыздың проблемасы емес. Бұл –, сіздің проблемаңыз», – деді ол.