Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ресейдің басты стратегиялық одақтасы КХДР болып шықты

ПХЕНЬЯН. 29 қаңтар. Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның қарындасы Ким Йо Чжон Ресейді Украинамен соғысында қолдайтындықтарын мәлімдеді. Бұл туралы «Диалог.Ua» хабарлады.

Ким Йо Чжон өзінің оқшауда қалған елінің диктатурасын мұра секілді қабылдап алып отырған Кремльдің агрессиясын қолдайтындарын мәлімдей отырып, Ресей армиясымен «бір окопта» болатындарын жеткізді.

«Біз мемлекеттің ары мен ожданын, елдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау жолында күресіп жатқан Ресей армиясымен және халқымен әрдайым бір окопта боламыз», – деді КХДР басшысының қарындасы.

Ол Украинаға танкілер беру акциясын «жексұрын қадам» деп атап, РФ-ның Киевке берілетін батыс қаруларын «түбіріне дейін өртеп жіберетініне» сенім білдірді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button