Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украинда өткен тәулікте тағы 650 ресейлік жер жастандырылды

КИЕВ. 29 қаңтар. Украина Қарулы күштері өткен тәулікте 650 ресейлік оккупантты «келместің кемесіне» мінгізіп жіберіп, жаудың бірнеше техникасын қиратты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина Қарулы күштерінің Бас штабы отан қорғаушылардың бұған қоса, 8 танк пен 22 бронды машинаны тас-талқан еткенін баяндады.

Қазір РФ басқыншылары жеке құрамының 126 160 жауынгерінің «түйе қарауға» кеткені белгілі болып отыр.

Қорғаныс күштері 28 қаңтардың өн-бойында орктардың Донецк және Луганск облыстары аумағында 16 елді мекенге жасаған шабуылдарын қайтарды.

«Біздің мемлекетіміздің сындарлы инфрақұрылымдарын жою ниетінен қайтпаған жау бейбіт тұрғындардың азаматтық нысандары мен баспаналарына соққы беруді тоқтататын емес. Ресей оккупанттары өткен тәулікте 1 ракета және 32 авиация соққыларын беріп, РСЗО-дан 65 реттен аса атқылады. Соның ішінде Донецк және Херсон облыстарының азаматтық инфрақұрылымдарына шабуыл жасады», – делінген хабарламада.

Луганск облысының Юбилейное кентіндегі 15-ші көп бейінді ауруханаға жарақат алып қалған 300 «вагнерлік» жалдамалы жеткізілді. Алайда, жергілікті дәрігерлер оларға көмек көрсетуден бас тартты. Бұған олардың басым көпшілігінің СПИД-пен, сифилиспен, туберкулезбен және пневмониямен ауыратындары басты себеп болыпты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Донецк облысы жеріндегі соғыста әбден тұралап, сілікпелері шыққан «Вагнер» жалдамалыларын РФ армиясы әскери қызметкерлерінің алмастыратыны баяндалған болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button