Ресейде мерез бен сары ауру жұқтырғандар қатары күрт көбейді
МӘСКЕУ. 28 қаңтар. Ресей Федерациясында 2022 жылы мерез (сифилис) және сары ауру (гепатит) кеселдерімен ауыратындар саны шарықтап көтеріліп кетті. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.
Росстат мәліметі бойынша, 2022 жылы қазан айында (статистиканың соңғы қолжетімді кезеңі) Ресейде анықталған сифилиспен ауырушылық саны бұдан бұрынғы жылдың осы айымен салыстырғанда, 38 пайызға артық болып шыққан, ал 2020 жылдың қазанына қарағанда, 129 пайызға өскен.
Мерез жұқтырып алғандар мөлшері жылдың әр айында одан бұрынғы жылдың сол кезеңінен едәуір көп болып тұрған.
Аймақтар арасынан аурудың саны ресейлік орта көрсеткіштен 4,6 есе көп болған Мәскеу көш бастайды. «Мерезбен ауырушылықтың жоғары деңгейі сондай-ақ Ненецк автономиялық округінде, Тыва республикасында, Санкт-Петербург қаласында, Амур, Калуга, Тверь және Томск облыстарында (Ресейдің орта көрсеткішінен 1.3-3,3 есе жоғары) байқалды», – делінген Росстат баяндамасында.
Осымен бір мезгілде өткір гепатитпен ауырушылықі соңғы екі жылда өте жоғары болып тұр. 2022 жылы қазан айында ол 2021 жылдың сол айына қарағанда, 53 пайызға көп болған Ал 2020 жылдың сол уағымен салыстырғанда, 49 пайызға көп екені анықталып отыр.