Британия Украинаға Ресей жеріне соққы жасайтын ракеталар бере алады
ЛОНДОН. 25 қаңтар. Ұлыбритания билігі соққысы Ресей территориясына дейін жететін ракеталар бере алатынын баян етті. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.
«Ұлыбритания Украинаға өз азаматтық инфрақұрылымдарын ұдайы атқылап жатқан Ресейге қарсы тұру үшін оның территориясын соққының астына алатын ракеталар бере алады», – деді Қорғаныс министрлігініңдегі мемлекеттік министр баронесса Голди (суретте) лордтар палатасының бір мүшесінің бір сұрағына жауап бере тұрып.
Оның айтуынша, Британия үкіметі Украинаға тұрақты қару-жарақ беріп тұр, сондықтан «ресейліктердің азаматтық инфрақұрылымдарға шабуылдарына жауап берулеріне мүмкіндік беру үшін Украинаға алыс қашықтықтағы нысандарды атқылай алатын қару жөнелту мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды». Украинаға әскери көмек халықаралық гуманитарлық құқықтарды сақтау шарты негізінде беріліп келеді, Киев олардың өздерін өздері қорғауы үшін беріліп отырғанын жақсы түсінеді.
Жанжалдың ушығып кетуінен қауіптенетін Батыс елдері, ең алдымен АҚШ әзірге Украинаға Ресей территорияна соққы беруге қабілетті алыс радиусты әрекеттегі ракета жүйелерін бере қоймайды. Мұның орнына Ресей 10 қазанда жүзге жуық ракетаны, сондай-ақ иранның дрон-камикадзелерін пайдаланып, 10-нан аса жаппай соққы жасады. Нәтижесінде Украинаның энергетикалық блоктарының 10 пайызға жуығы жойылып, 50 пайызы әбден бүліншілікке ұшырады. Көптеген қалалар, ішінде Киев те бар, ұзақ уақыт жарықсыз, жылусызғ сусыз қалды.
14 қаңтарда Ресей ракетасы Днепр қаласындағы тұрғын үйлерді қиратып кетті. Онда 44 адам қаза тауып, 80-ге жуық адам жарақат алды.
Қазір АҚШ әкімшілігі Украинаға Қырым түбегіне соққы жасау үшін 160 шақырымға дейін жететін GLSDB артиллериялық жүйесін беруге құмбыл болып отыр, деп жазды өткен аптада Politicо басылымы.