Залужный мұраға алған 1 млн долларын Украина армиясына берді
ВАШИНГТОН. 25 қаңтар. Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный өзіне мұра ретінде өткен 1 млн доллар ақшаны қарауындағы армияға беретін болды. Бұл туралы The New York Times хабарлады.
Газеттің жазуынша, 24 қаңтар күні Валерий Залужныйдың бұл қаржыны тегі украин америкалық азамат Григорий Степанецтен мұра ретінде алғаны белгілі болған.
Журналистерге бұл оқиға жайлы Степанецтің отбасы айтып беріпті. Оның шындық екенін соңыра Украина Қарулы күштерінің баспасөз қызметі де растады.
Америкалық азамат бұл қаражатты Украина Қарулы күштері бас қолбасшысының елдің оңтүстігіндегі ұрыс қимылдарын ұйымдастырудағы шексіз шеберлігі мен батылдығына, соның ішінде Херсон облысындағы жетістіктеріне риза болғанының белгісі ретінде берген. Ал Залужный қолына ақша тиген кезде ойланбастан оны өзі басқарып отырған армияның қардарлығына жаратуға шешім қабылдаған.
«Егер жеке тұлғалардың құрмалдығы туралы айтар болсақ, осы айда украин армиясының бас қолбасшысы, генерал Валерий Залужный тегі украин америкалық азамат Григорий Степанецтен алған мұрасын армияның мұқтажына жұмсағанды жөн көрді», – делінген материалда.
Тұтастай алғанда, Ресей агрессиясы басталған уақыттан бері украиндар армияның мұқтаждығына 500 миллион долларға жуық немесе 22,3 триллион ақша жинап берген екен. Соның ішінде «Вернись живым» қайырымдылық қоры 132 млн доллар жинай алса, Сергий Притуланың қоры 87 млн әкеліпті.
Еске сала кетейік, Валерий Залужный 17 қаңтарда Польшаға барып қайтқаны белгілі болды. Осы сапардың аясында ол АҚШ армиясы штабтары біріккен комитетінің басшысы Марк Миллимен бірінші ресми бет-бет кездесуін өткізген. Кездесуде Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Құрама Штаттарға қару-жарақ беріп тұрғаны үшін алғыс айтты.