Түркия Украинаның 1991 жылғы шекарасын қалпына келтіруді құптады
АНКАРА. 11 қаңтар. Түркия Украина президенті Володимир Зеленьскийдің ел шекарасын 1991 жылғы қалыпқа келтіріп барып, бейбіт келісімге жасасуды көздейтін ұстанымына толық қосылады. Бұл Anadolu хабарлады.
«Түркия Украинада бейбітшілікке қол жеткізудің сол ел президенті Володимир Зеленьский ұсынған жоспарын қолдайды», – деді Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу кеше Оңтүстік Африка республикасына барған сапары кезінде.
«Әрине, біздің мақсатымыз – берік бейбітшілік пен екі жаққа тиімді шешім. Біз бұл соғыстың келіссөз үстелі үстінде шешілетініне сенімдіміз. Оның қалайда ерте болғаны жақсы», – деді Чавушоглу.
«Ресей қазір келіссөзге дайын екенін мәлімдеп отыр. [Украина президенті] Зеленьский болса, 10 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын ұсынды. Біз, Түркия, осы жоспарды қолдаймыз және сол бағытта жұмысымызды жалғастыра береміз», – деп атап өтті түрік министрі.
Украин президенті Володимир Зеленьский өткен жылғы қарашада G20 саммитінде сөйлеген сөзінде бейбітшілікке жетудің мынадай 10 тармақтан тұратын формуласын ұсынды:
– радиациялық және ядролық қауіпсіздік;
– азық-түлік қауіпсіздігі;
– энергетикалық қауіпсіздік;
– барлық тұтқындар мен депортация жасалғандарды босату;
– БҰҰ-ның Жарғысын орындау және территориялық тұтастық пен әлемдік тәртіпті қалпына келтіру;
– Ресей әскерлерін 1991 жылғы шекараға шығару және ұрыс қимылдарын тоқтату;
– әділдікті қалпына келтіру, яғни агрессияға кінәлілерді трибуналға тарту және шығындарды өтеу;
– экоцидке қарсы әрекет ету;
– Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру;
– соғыстың аяқталғанын бекіту.
Мәскеудегілер бірден Зеленьскийдің жоспарын талқылаудан бас тартты. «Украинаның құрамына кірген жаңа төрт өңірмен бірге қайта қалыптасқан Ресей территориясының бүгінгі шындығын есепке алмай отырған қандайда бір бейбітшілік жоспары тіршілік етуі мүмкін емес. Бұл шындық ескерілмеген жоспар «бейбіт» болуға ешбір талпыныс жасай алмайды», – деп сандалды сол кезде Ресей лидерінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ал Владимир Путин бұған дейін ешқандай келіссөзден бас тартпайтынын айтып, талай рет сандырақтаған.