18 Қазан, 00:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина Қарулы күштері «Вагнердің» Соледарды алғанын жоққа шығарды

11 Қаңтар 2023 17:00
- Жаңалықтар, Тіршілік
Украина Қарулы күштері «Вагнердің» Соледарды алғанын жоққа шығарды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 11 қаңтар. Украина Қарулы күштері Евгений Пригожиннің «Вагнер» Соледарды басып алды деген мәдімдемесінің өтірік екенін баяндады. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

Әңгіме Донецк облысында көптен бері екі жақтың кескілескен шайқасы жүріп жатқан Соледар елді мекені хақында болып отыр.

«Ресейліктер оны бақылауға алдық деп жариялапты, бұлары өтірік. Оның бүге-шігесін бас штабтың мәліметтерінен күтіңіздер», – деді Украина Қарулы күштері Шығыс бағыты командованиесінің пресс-атташесі Сергий Череватый «Суспiльне Новини» эфирінде сөйлеген сөзінде.

Қаңтардың 11-не қараған түні «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин өз содырларының Соледарды өздеріне толық қаратқанын баяндаған болатын. Алайда, оның айтуына қарағанда, қаланың орталығында «кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатқан қазан шұңқыр» пайда болған көрінеді. Ол сонымен қатар қолға түскен «тұтқындар» санының қанша екенін «ертең айтатынын» мәлімдеген еді. Сол сияқты Соледарды басып алу тек «вагнершілердің» қатысуымен жүргізілгенін де жеткізді.

Қазір ресейліктердің Соледарды басып алмағанын Американың Соғысты зерттеу институты (ISW) да айғақтап жатыр. Оның сарапшылары «музыканттардың» сөздерінде шындық жоқ екенін айта келіп, ресейліктердің Украина Соледардан айырылса, Бахмуттың да құлайтыны жайлы болжамдарын жоққа шығарды.

Ресейдің Соледарды алуының стратегиялық емес, символдық қана мәні бар.

Мұны өзін өзі жариялаған ДХР-дың бұрынғы қорғаныс министрі Игорь Гиркин-Стрелков та айтып отыр. «Мен бүкіл Бахмут-Соледар-Северск қорғаныс шебінің құлауының өзі Украина Қарулы күштері майданының қирауына алып бармайтынын талай мәрте жазып, айтқан едім. Себебі, оның тылында Донбастың басты қорғаныс ауданы – Славянск-Краматорск шебі тұр. Оған дейін алдымен жетіп алу керек», – деп жазды ол бүгін өзінің телеграм-каналында.

Ескерту: төмендегі картадағы Артемьевск – қазір Бахмут.

Таңбалар: ПригожинСоледарУкраина

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist