НАТО сарапшылары 10 жылда Ресейдің ыдырайтынын айтып отыр
БРЮССЕЛЬ. 10 қаңтар. НАТО сарапшылары алдағы 10 жылдың ішінде Ресей Федерациясының бірнеше мемлекетке бөлініп, тарап кететіне болжам жасады. Бұл туралы The Moscow Mews хабарлады.
«Ресейді таяудағы жылдарда тарау немесе әлсіз мемлекетке айналу тағдыры күтіп тұр». Солтүстік альянстың сыртқы саясат жөніндегі сарапшыларының басым бөлігі осындай тұжырымға тоқталды. Сауалнаманы НАТО жанындағы талдама орталығы – Atlantic Council жүргізді.
«Сауалнамаға қатысқан 167 сарапшының 46 пайызы Ресейдің мемлекет ретіндегі коллапсы немесе дезинтеграциясы оның 2033 жылға қарай көптеген ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетуіне апарып соқтыратынына болжам жасады», – деп жазды Financial Times газеті.
Респонденттердің 40 пайызы сонымен бірге Ресейдің ыдырау ықтималдылығына «революция, азамат соғысы немесе саяси дезинтеграция» себеп болатынын атап көрсеткен.
«Ресейді апат жолына оның Украинаға қарсы соғысы түсіріп отыр», – деп ашып айтты зерттеу нәтижесіне түсіндірме берген Atlantic Council орталығы басшысының орынбасары Питер Энгельке.
«Украина Ресейдің ішкі проблемаларының бәрінің кескінін айқын ащып берді, енді бұл соғыстың соққысы басшылыққа (ресейлік) ғана емес, сонымен қатар тұтастай алғанда бүкіл елге де бумеранг болып қатты тиетінін де білдіріп отыр», – деді ол.
Батыс шенеуніктері Украинаға басып кіруі Ресейді айтарлықтай әлсіреуге апарып жеткізді, деп жазады FT. Басылымның атап өтуінше, салынған санкциялар салдарынан жоғары технологиялы тауарлардың келуі күрт тоқтатылуы елдің экономикасына қатты соққы болып тиіп, оны кемінде он жылға кейінгі лақтырып тастады.