Қарағандыда өрттен қаза тапқан кісі отставкадағы полковник болып шықты
ҚАРАҒАНДЫ. 11 қаңтар. Қарағандыда кеше түнде 16 қабатты үйде орын алған өрт салдарынан қаза тапқан үш адамның бірі отставкадағы полиция полковнигі болып шықты. Бұл туралы Karaganda.kz хабарлады.
«Қарағандыдағы 16 қабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде қаза тапқандардың бірі отставкадағы полиция полковнигі Ринат Кенжебайұлы Шоқаев екені анықталды. Онымен
Ринат Шоқаевтың жасы 70-те екені де айтылып жатыр. Бұрын ол зейнеттік демалысқа кетер алдында ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағандыдағы Б.Бейсенов атындағы академиясы бастығының орынбасары болып 10 жыл қызмет атқарыпты.
Бүгін академияның ресми сайтында ол жайында қазанама жарияланды.
«Полицияның отставкадағы полковнигі Ринат Кенжебайұлы Шоқаев қайғылы жағдайда өмірдер өтті. Ол өзінің 10 жылдық кәсіби кезеңін Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясына арнап, 1997 жылға дейін саптық бөлім бастығының орынбасары лауазымын атқарды. Полковник Қазақстан полициясының жас ұрпағын тәрбиелеуге орасан зор үлес қосты. Ол өзінің шәкірттері мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі қалады. Біз өмірден беймезгіл кеткен Ринат Кенжебайұлының, оның жұбайының және ағасының қазаларына байланысты олардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген қазанамада.
Еске сала кетейік, кеше, 10 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында Республика даңғылы бойындағы №18/2 үйдің 8-қабатында кенет өрт бұрқ ете қалады. Тілсіз жау пәтердің 30 шаршы мет аумағын қамтыған. Оны 22 сағат 55 минутта сөндіру мүмкін болады. Пәтерде тексергенде, одан үш азаматтың мәйіті табылады.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының ТЖД басшылығы өрттің газ жарылысынан болмағанын баяндады. Оқиға орнынан газ құрылғылары табылмаған. Сөйтіп, бұған дейін осыған қатысты айтылып жатқан болжам расталмады.
Полиция өрт дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-тармағымен (« Отпен немесе қауiптiлігі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет») қылмыстық іс қозғады.
Тағы бір айғақталғаны, оқиға кезінде пәтерде сонымен қатар ерлі-зайыпты Шоқаевтардың 1979 жылы туған ұлы болған. Ол үйдің терезесінен сыртқа құлап кеткен. Бірақ оның қалай орын алғаны белгісіз. Қазір зардап шегуші ауруханада жатыр.
«Науқастың жағдайы орташа ауыр. Есін біледі. Жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Науқас кеуде қуысынан жабық жарақат алған, жіліншік сүйектері сынған», – деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.