АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Украина армиясы Днепрдің келесі бетіне өтуге дайындалып жатыр

МӘСКЕУ. 9 қаңтар. Украина Қарулы күштері Каховка су қоймасы маңында Днепр өзенінің сол жақ жағасына өтуге дайындалу үстінде. Бұл туралы The Moscow Mews хабарлады.

РФ басқыншылары басып алған Запорожье облысы оккурпациялық билігінің басшысы Владимир Рогов өзінің Кремльдегі қожайындарына осындай шұғыл хабар жеткізді.

«Соңғы кездері Днепр бірден тартылып қалды, оның тартылуы бекер емес. Осының өзі украин әскерлерінің Каховка су қоймасы маңайынан Днепрді кешіп өтуге дайындалып жатқанын жанамаша білдіреді. Алайда десанттың барып түсетін бағыттарының бірі Энергодар мен Запорожье АЭС-і болуы мүмкін», – деп ескертті Рогов өзінің күнделікті беріп тұрған мәліметінде.

Бұған украинның «Энергодар» компаниясының президенті Петро Котиннің Еуропадағы аса ірі атом электр станциясы – Запорожье АЭС-ін Ресей басқыншылары қол астынан тездетіп күштеп қайтарып алуға шақыруы да себеп болып тұр.

Негізі, Украина Қарулы күштері желтоқсанда әскер қатарына шақырылғандарды Днепрден өтуге дайындап жатқаны рас көрінеді. Ал қазір украин армиясы мен орыс оккупанттары Днепр өзенінінң Херсон қаласы жанындағы бөлігінде орналасқан Үлкен Потемкин аралы үшін кескілескен ұрыс қимылдарын жасап жатыр. Оны алса, украиндар бұл жерді өзеннің сол жағасына өтетін өткел ете алады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button