Пеленің қызы әкесімен бірге ауруханада түскен суретін көрсетті (видео)
САН-ПАУЛУ. 25 желтоқсан. «Футбол королі», XX ғасырдың ең үздік футболшысы Пеленің үлкен қызы әкесімен бірге ауруханада түскен суретін жариялады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Аты аңызға айналған футболшының үлкен қызы Кели Кристина Насименту қазіргі күндері ауыр кеселмен ауруханада жатқан әкесіне күтуші болып жанында жүр. Ол кеше екеуінің бірге түскен рәсімін әлеуметтік желіде таратты.
«Біз әлі осындамыз, ауруды жеңеміз деген үмітпен күресіп келеміз. Тағы бір түніміз өтті», – деп жазды Келли.
Пеле өткен жылдан бері тоқ ішектің обыры сырқатымен ауырып жүр. Биылғы қаңтарда оған операция жасалды. Кейін оның ахуалы біртіндеп нашарлай берді. Сондықтан 29 қарашада ауруханаға жатқызылды.
Пеле (шын аты-жөні – Эдсон Арантис ду Насименту) 1940 жылы 21 қазанда туған. 1958 жылы 17 жасында Бразилия құрамасы сапындағы ең жас ойыншы қалпында әлем чемпионы атанды. Ол әлемнің үш дүркін (1958, 1962, 1970) чемпионы атанған жалғыз футболшы. 1970 жылы Мексикада өткен чемпионатта үздік футболшы атағына ие болды.
Пеле 1966 жылы Розе Мари дос Рейс Шолбиге үйленді. Осы некеден өмірге Келли Кристина (1967), Эдсон (1970) және Женнифер (1978) өмірге келді. Бірақ 1982 жылы ерлі-зайыптылар ажырасты. Пеленің бұдан кейінгі таңдауы Ассирия Лемос Сейшас болды. 1994 жылы қосылған бұл жұп Жошуа және Селесте деген егіз балалардың ата-аналары атанды. Алайда 2008 жылы бұлардың да жолдары екі айырылды. Атақты футболшы 2016 жылы үшінші мәрте некелі болып, Марсия Сибели Аоки деген тегі жапон бразилиялық бизнесмен әйелмен тағдырын қосты.