Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ресейдің Кемер қаласында қарттар үйі өртеніп, 20 адам қаза тапты

МӘСКЕУ. 24 желтоқсан. Кеше Ресейдің Кемер қаласында қарттар үйі өртеніп кетуі салдарынан 20 адамның ажал құшқандары белгілі болды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Оқиға түннің жарымында орын алған. Жеке үйде орналасқан қариялар мекеніне өрт сөндірушілер бөлімшесі келген кезде оның терезелері мен шатыры лаулап жанып жатқан.

Өрттің ауқымы 180 шаршы метрді алады. Оны сөндіруге 80 адам мен 28 техника бірлігі қатысқан.

Еске сала кетейік, Кемер қаласында 2018 жылы «Зимняя вишня» сауда орталығы жанып кетіп, ондаған адам қаза тапқан еді.

Осының алдында желтоқсанның 23-і күні түнде Мәскеудің шығысындағы әскери бөлім территориясында өрт шықты. Онда Росгвардияның жатақханасы отқа оранды.

Бұдан кейін Саратов облысында белгісіз біреулер әскери комиссариатқа от қойып кеткен болып шықты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button