Кремль өзіне тәуелді БАҚ-тарға мобилизация жайлы жазбауды тапсырды
МӘСКЕУ. 24 желтоқсан. Ресей билігі өзіне қарасты бұқаралық ақпарат құралдарына кезекті мобилизация турасында жазуға тыйым салды. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.
Кремль өзіне тәуелді баспасөз құралдарынан қорғаныс министрі Сергей Шойгудың армия қатарына тағы 350 мың адам алу керектігі жөніндегі мәлімдемесін көпшілікке таратып жібермеуді талап етті.
Енді Ресей медиаларына мобилизация хақындағы кез келген мәлімдемені таратпау хақында қатаң тапсырма беріліп отыр. Ондай атты хабарламалар тіпті Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесінен шықса да, қалың елге жеткізілмеуі керек.
Мұндай жасырын өкім президент әкімшілігінің тікелей өзінен түсіп отыр. «Біз бұған дейін жүріп жатқан мобилизация, оның ықтимал сценариі мен болжамы туралы жаза алатын едік. Қазір соның бәріне тоқтам салынды. Талапта тіпті РФ мемлекеттік думасыныңы депутаты немесе сенатор айтқан сөздерге де сілтеме жасай алмайтынымыз айтылыпты», – деп атап көрсетті The Moscow Times мәнбесі.