ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Украина АҚШ билігіне соғысты бейбіт аяқтау жоспарын ұсынды

ВАШИНГТОН. 23 желтоқсан. Украина президенті Володимир Зеленьский АҚШ-та болған сапары кезінде соғысты бейбіт аяқтаудың өзіндік жоспарын ұсынды. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

«Украина президенті Володимир Зеленьский АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде президент Джо Байденмен бейбітшілік инициативасын талқылағанын еске салып өтті. Өзінің АҚШ-қа келген сапарының бүкіл барысында өзінің басты ұстанымы көбірек қару-жарақ алу екеніне күш салған украин президенті бірақ оның неден тұратынын ашып айтпады», – делінген басылым хабарламасында.

«Ресей егер өзі қаласа, соғысты қазір-ақ тоқтата салар еді, дегенмен, сіздердің беретін қару-жарақтарыңыз біздің жеңісімізді тездетеді», – деді Зеленский конгресмендерге.

Киев шын мәнінде соңғы уақыттары соғысты бейбіт аяқтаудың 10 тармақтан тұратын жоспарын талқыға салып жүр, деп жазады The Wall Street Journal еуропалық және украиналық дипломаттарға сілтеме жасай отырып. Қазір Зеленьскийдің командасы оны жасап бітіп, Ресей басқыншылығының бір жылдығына немесе соған жақын уақытқа орай ұсынбақшы.

Алайда газет жоспардың мазмұны жайлы ештеңе айтпайды. Зеленьский Вашингтонда өзі «әділетті әлем» дегенді қалай түсінетінін баяндады. Ол үшін Ресей тарапынан Украинаның «территориялық егемендігі мен тұтастығының сақталуы және барлық шығындарды өндіріп беру» осыны білдірер еді. Әділдік деген сол!

Володимир Зеленьский кеше АҚШ-тан қайтар жолда Варшаваға аялдап, Польша президенті Анджей Дудамен кездесті. Олардың келіссөзі екі сағатқа созылды. Бұдан кейін украин лидері Киевке оралды.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button