Мәскеуде бүгін әскери бөлім мен ОМОН жатақханасы отқа оранды
МӘСКЕУ. 23 желтоқсан. Мәскеудің солтүстік-батысында орналасқан Росгвардия бас басқармасының ғимараты бүгін таңертең өртенді. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.
ТАСС-тың мәліметінше, өрт ғимараттың жатақхана орналасқан бөлігінің шатырынан басталған.
«Росгвардияның Твардовский көшесінде орналасқан Мәскеу бойынша басқармасының ғимаратында өрт болды. Алдын ала деректер бойынша, өрт жетінші қабаттағы бронды желеттер сақталған бөлмеде тұтанған», – деді агенттікке мәлімет беруші. Ол алдымен противогаздар сақталған шкафтың жанғанын айтқан. Өртке электр жабдығының қысқа тұйықталуы себеп болған, деді Мәскеудің шұғыл қызметінің өкілі.
Сол күні бұдан бұрын Мәскеудің Шығыс әкімшілік округінің әскери бөлімінде өрт орын алған еді. Бөлім территориясындағы гараж бокстары жанып кетті.
«Өрт Сокол таулары 3-ші көшесіндегі 10-үйде орналасқан бір қабатты гараж бокстарында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар әскери бөлімнің территориясында орналасқан болып шықты», – деп хабарлады шұғыл қызмет дерегіне сүйенген басылым.
Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны бірнеше өрт сөндіруші бригада сөндірген. Бұған бірнеше сағат уақыт кеткен.