АҚШ Сенаты Украина үшін бюджетке $45 млрд қосуды қолдады
ВАШИНГТОН. 23 желтоқсан. Құрама Штаттардың Сенаты Украинаға көмек беру үшін 45 миллиард долларға жуық қаржы қаралған бюджетті бекітті. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.
Бейсенбі күні өткен Конгресс отырысында 2023 жылы үкіметті қаржыландыруға 1,7 триллион доллар қарастырылды. Мұның ішінде Украина мен Вашингтон одақтастарына көмек көрсету үшін қарастырылған қаражаттар да бар.
Құжатты 68 сенатор қолдады, 29 депутат қарсы шықты.
Хабарланғандай, бұған Республикалық партия сенаторы Линдси Грэмнің ресейлік олигархтар есепшоттарындағы активтерді тәркілеп алып, оларды Украинаның пайдасына беру жөніндегі түзету енгізу де қосылды.
«Украинаны қосымша ассигнациялау туралы актіде» қаралған шығын $45 миллиардқа жуық болды. Оның түйінді баптары былайша шешілді: $14,5 миллиарды президенттің шешімімен берілетін әскери қордан, $9 миллиарды Украинаға әскери көмек беруге арналған сатып алу қорынан, $13,37 миллиарды қаржылай қолдау көрсету тармағынан алынады.
Енді заң жобасын АҚШ Өкілдер палатасы мақұлдағаннан кейін президент Джо Байден қолын қояды.
Украинаның соғыс басталғалы АҚШ-тан алған қаржысы $21 миллиард болған еді. Ал алдағы жылғы көмек екі еседен де асып түскелі тұр.