РФ қорғаныс министрі армияға 350 мың адам алынатынын айтты
МӘСКЕУ. 23 желтоқсан. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу жақын арада әскер қатарына тағы 350 мың адам шақырылатынын жария етті. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.
«Ресей қарулы күштерінің санын 1,5 миллион адамға дейін жеткізуіміз қажет», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің алқасында сөйлеген сөзінде ведомство басшысы Сергей Шойгу.
Оның айтуынша, армияға қосымша мобилизация жасау «Ресей Федерациясының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді кепілді түрде шешу үшін» керек.
Қазіргі кезеңде Ресей армиясының штатында 1,01 млн әскери қызметкер бар, ал алдағы жылғы 1 қаңтарда ол, РФ президенті Владимир Путиннің тамыз айының соңында қол қойған жарлығына сәйкес, 1,15 миллионға дейін ұлғайтылғалы тұр.
Осылайша армия қатарына алынатын жаңа лектің мөлшері 350 мың адамға барады. Шойгудың айтуынша, осымен бір мезгілде Қарулы күштердің ұлғайтылған құрамының 695 мың солдатын келісімшартпен алынғандар құрайтын болады.
Қорғаныс министрлігіне қосымша күштер «НАТО-ның Ресей шекарасында әскери әлеуетін арттыруға ұмтылуына», сондай-ақ өзінің құрамына Швеция мен Финляндияны кіргізіуіне байланысты қажет, деді Шойгу. «Енді Ресейдің солтүстік-батысында әскери тиісті топтар құру талап етіліп отыр», – деп түсіндірді соғыс министрі Солтүстік альянстың Шығыстағы ауқымы кеңейе бастауы Ресей үшін «қатер» болып табылатынын айта отырып.
Бұдан басқа, Херсон және Запорожье облыстарында жаңа әскери құрылымдар құру және қолда барларын қайта құру үшін, сондай-ақ Әскери-Теңіз флотының жаяу әскерлері үшін керек, деді ол тағы.
Қазіргі кездері бізге әскерлер мүмкіндіктерін «көтеріп», ұрыс қимылдарын күшейтуге қол жетті, деп мәлімдеді министр. Оның айтуына қарағанда, осы күндері Луганск мен Донецк облыстарындағы әскерлер саны 24 ақпандағыдан 5 есе көп екен.
Ал президент Владимир Путин болса, Сергей Шойгу айтып отырған қарулы күштердегі құрылымдар бойынша жаңғыртуларға «келісетінін» білдірді.