Өзбекстанда министрліктер мен ведомстволар екі еседен аса қысқарады
ТАШКЕНТ. 21 желтоқсан. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев кеше жариялаған жолдауында министрліктер мен ведомстволар екі еседен астам қысқаратынын айтты. Бұл туралы gazeta.uz хабарлады.
Мемлекет басшысының баяндауынша, министрліктер мен ведомстволар саны алдағы жылы екі еседен аса – 28-ге дейін қысқарғалы тұр. Осыған орай мемлекеттік қызметкерлер мөлшері 30-35 пайыз көлемінде азаяды. Оның айтуына қарағанда, мемлекеттік басқару саласын «қолдап басқарудан» жинақы және тиімді жүйеге көшетін кез келді.
Енді Өзбекстандағы министрлік пен ведомоство саны 61-ден 28-ге дейін түседі. 20 желтоқсан күні президент Шавкат Мирзиёев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында осылай деді.
«Бірінші кезекте министрліктерде реформа жасалады, принципті түрде үкіметтің басқару тәсілі өзгереді. Ең алдымен министрліктер мен ведомстволар 61-ден 28-ге дейін азайтылады», – деді ол.