Украина әскерлері өткен тәулікте 590 жаудың көзін жойды
КИЕВ. 15 желтоқсан. Украина Қарулы күштері өткен тәулікте 590 басқыншының басынан баянын ұшырып, бақилыққа жеткізіп салды. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Украина Қарулы күштері бас штабының баспасөз қызметі Facebook-те украин қорғаушылары майданның барлық шептерінде жауға күйрете соққы беруді жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Тек 14 желтоқсан күні ғана олар 590 басқыншының көзін жойып, 5 танкінің қаңқасын қалдырған.
Ресей Украинаға кең ауқыммен басып кірген уақыттан бері оккупанттар армиясынан 96 мыңнан астам адам харап болған, сондай-ақ 2 975 танкі отқа оранған.
РФ-ның оккупациялық армиясы осы уақытқа дейін мынадай шығындарға ұшырады:
жеке құрам – 96 590 адам;
танктер – 2 975;
жауынгерлік бронды машиналар – 5 946;
артиллерия жүйесі – 1 943;
РСЗО – 406;
ПВО – 211;
ұшақтар – 281;
тікұшақтар – 264;
автомобильдер мен автоцистерналар – 4 563;
кемелер/катерлер – 16;
БПЛА (дрондар) – 1 644;
арнайы техникалар – 172;
қанаттан ракеталар – 592.
Еске сала кетейік, 14 желтоқсан күні Украина Қарулы күштерінің грузин легионынан құралған арнайы жасағы жауынгерлері Бахмуттың түбінде Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясы сапындағы жалдамалыларының бір тобын тосқауылға алдап ұрындырып, түгел жойып жіберді.