Ресейде тыныштық болмайды. Украина Сібірге жететін дрондар алды
КИЕВ. 7 желтоқсан. Украина алыс қашықтыққа дейін ұшып бара алатын дрондар алып жатыр, енді Ресейдің қауіпсіз аймағы болмайды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Соңғы күндері Украина Ресейдің түкпірдегі аэродромдарына дейін шабуыл жасап, Кремльді қатты састырып тастады. Соның салдарынан РФ қорғаныс министрлігі Саратов облысының Энгельс қаласындағы аэродромын басқа жаққа шұғыл көшіруге мәжбүр болды.
Мұндай жарылыстар сол күні Рязань облысында, артынша бір күннен кейін Курск облысында орын алды.
«Бұл шабуылдардың қайта жалғаса беруі мүмкін. Бізге қашықтық бойынша шектеулер жоқ, жақында Ресейдің барлық нүктесіне, соның ішінде Сібірге дейін емін-еркін жететін боламыз. Енді Ресейде қауіпсіз аймақ қалмайды. Дрондардың әскери аэродромдарға шабуылдарының символдық мәні бар, ол Ресей тұрғындарына қауіпсіз жерлері жоқ екенін санаға сынамен қаққандай етіп көрсетіп беріп тұрады», – деп мәлімдеді НАТО-ның Еуропадағы бірлескен қарулы күштерінің бұрынғы қолбасшысы Джеймс Ставридис. Ол бұл соққылардың мақсаты украиндардың мүмкіндіктері зор екенін байқату үшін ғана керек болса да аса маңызды екенін атап көрсетті. Бұдан кейін мұны айтарлықтай салмақты әрекеттерге айналдырып жіберуге болады.
Украина жүргізіп жатқан бұл операциялар Ресей әскерлерінің елдің ішіндегі стратегиялық нысандарды қорғауға қабілетті екендеріне күмән туғыза береді. Бұл, сөз жоқ, орыстардың өздеріне деген сенімдеріне соққы болып тиеді, деді Ставридис.