Ұшқышсыз ұшақ Курск әскери аэродромына шабуыл жасады
МӘСКЕУ. 6 желтоқсан. Белгісіз дрон бүгін таңертең ерте Курск облысының аэродромы ауданына соққы жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Нәтижесінде мұнай жинағыш қамбаны өрт шалды.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіріліп жатыр. Барлық арнайы қызмет орындарында», – деп жазды Курск облысының губернаторы Роман Старовойт өзінің телеграм-каналында. Ол болған оқиғаның басқа жай-жапсары жайлы ештеңе айтпаған.
«Курск-Восточный» деп аталатын аэродромның өзі 24 ақпанда соғыс басталғалы бері азаматтық рейстерді қабылдауды күрт тоқтатқан. Бұдан кейін ол тек қана әскери мақсатта ғана пайдаланыла бастаған.
«Курск облысында көтеріңкі террорлық қауіп режимі бар. Билік Украина тарапынан атқылау болып тұратынын тұрақты хабарлайды. Соңғы оқиға кеше болды. Оның барысында жиырмаға жуық үйге зақым келді», – деп жазды Старовойт.
Мұның артынша 6 желтоқсан күні Брянск облысындағы «Слава» комбинатына да дрондардың шабуыл жасағаны белгілі болды. Нәтижесінде өнеркәсіп территориясында өрт өршіген.
Кеше белгісіз беспилотник Саратов облысы Энгельс қаласындағы аэродромға шабуыл жасағаны белгілі болды. Baza телеграм-каналының өз мәнбелеріне сүйеніп жазуынша, ұшу аппараты соңынан ұшу-қону белдеуіне құлап, екі ұшаққа залал келтірген. Тағы екі адам жарақат алып, шұғыл госпитальға жіберілген.
Бұдан бөлек, дүйсенбі күні Рязань қаласының түбіндегі истребительдер жинақталған аэродомда бір бензовоздың күлі көкке ұшты. Нәтижесінде үш адам қаза тауып, алты адам зардап шеккен, бір ұшаққа зақым келген.