Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Грузин жауынгерлері Бахмут түбінде қоршауға түсіп қалды

ТБИЛИСИ. 5 желтоқсан. Украина Қарулы күштері жағында соғысып жатқан грузин сарбаздары Бахмут түбінде ресейліктердің қоршауында тұрған сияқты. Бұл туралы «Новости-Грузия» хабарлады.

«Грузин жауынгерлерінің тобы Бахмут түбінде қоршауда қалып қойды, бірнеше адам, – оның ішінде командир де бар, – жарақаттанған», – деп мәлімдеді ерікті Ромео Парулава «Мтавариге» берген сұхбатында.

«Біз міндетті түрде оларды алып шығамыз. Бахмуттегі жағдай айрықша күрделі болып тұр… Командир жараланып қалды. Қалған жігіттер украин бауырлармен бірге қоршауда. Тірі қалғандарды алып шығып, қаза тапқандардың мәйіттерін алып кету жолында ұрыс қимылдары жүріп жатыр», – деді Парулава.

Соңғы үш күнде Бахмут түбінде алты грузиннің құрбандыққа ұшырағаны белгілі болды. Олардың арасында Авто Руруа, Ромео Пичхая, Ромео Кварацхелия, Бадри Маркелия, Мераб Аладашвили және Джабы Хоперия бар.

Украина президенті Володимир Зеленьский майдандағы ең ауыр шеп қазір тап осы Бахмут болып тұрғанын айтты.

«Донбастағы Бахмут пен Соледар – бәрінен ауыр болып тұр, қазіргі күндері оларда қайнаған ұрыстар жүріп жатыр. Біз өз жігіттерімізге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ондағы әрбір жауынгер жоғары құрметке лайық», – деді Зеленьский.

Қазір Украина тарапында 1500 грузин жауынгері соғысып жүр. Олар Украинада тұратын немесе мұнда соғыс басталғаннан кейін арнайы келген еріктілерден құралған.

Бірінші ерікті грузин 18 наурызда қаза тапты. 4 желтоқсан күнгі мәліметке сәйкес, осы кезге дейін Украина Қарулы күштері қатарында жүрген 33 грузин осында мәңгілікке тыныс тапқан.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button