Қостанайлықтар сағат белдеуін табиғи уақытқа келтіруді талап етуде
ҚОСТАНАЙ. 4 желтоқсан. Қостанай белсенділері облыстық әкімдіктен аймақтағы сағат белдеуін өзінің табиғи уақытына қайта келтіруде талап етті. Бұл туралы «Костанайские новости» хабарлады.
Бұдан бір айы бұрын жоспарластырылып қойылған кездесуге облыстың сол кездегі әкімі Архимед Мұхамбетов қатысуға тиіс болатын. Алайда, осыдан екі күн бұрын ғана ол қызметінен босатылып кетті. Ал жаңа әкім Құмар Ақсақаловты бұл басқосуға шақырып әкелудің орайы келмеген.
Осы себеппен белсенділер мәселені талқылауды кейінге қалдырмақшы да болыпты. Бірақ Қазақстанда уақытты есептеу проблемалары жөніндегі комиссияның қызылордалық мүшесі Болат Нұрқожаев алдын ала шақырылғандықтан, осы күні Қостанай қаласына келіп қойған. Ол жиынның қалайда бұрын белгіленген уақытында, яғни бүгін өтуі керектігін уәжіп етті.
Жиынға аймақ басшысының орнына облыстық әкімдіктің аппарат бастығы Мұрат Сандыбаев қатысып, жиналғандардың барлық уәждерін тапжылмай тыңдады. .
Еске сала кетейік, аймақта UTC+4 географиялық сенімді сағат белдеуін қайтару мәселесі көптен бері қозғалып келе жатыр. Тұрғындардың бір бөлігі мұның өмірлік маңызы бар жайт екенін алға тартады, тағы бір бөлігі осы қалпында қала бергенін қалайды. Ал сағат тілін екі сағат артқа шегеруді жақтайтындар қатарында еңбек сіңірген дәрігер Көпей Малшыбаева да бар.
«Бұл мәселе 2005 жылдан бері ешбір шешілмей келе жатыр, – деді ол өз сөзінде. – Біз мұның бір ғана себебі бар деп есептейміз – бар болғаны билік мұны қолдамай отыр. Неге Қызылорда мен Ақтөбеде бұл мәселе оңды шешіледі, ал бізде олай емес? Педиатр-дәрігер ретінде айтарым: қазіргі ахуалдың залалы өте зор. Балалар тым ерте тұрады, қараңғыда қарманып мектепке барады. Биологиялық ырғақтары бұзылғаннан кейін иммунитет төмендейді, невроздың тәуекелі пайда болады. Осы себеппен сабақты да нашар оқиды. Мен Құмар Іргебайұлы Ақсақаловты мұндайға бейтарап қарай алмайтын адам ретінде білемін, ол енді Қостанай облысы үшін де барынша жанашырлық көрсетеді деп ойлаймын».
«Қостанайлықтардың бұл проблеманы алғаш рет көтергендеріне тура 17 жыл уақыт болды, – деп сөз арқауын ширатты Болат Нұрқожаев (жоғарыдағы суретте). – Біз Қызылордада сағат белдеуін қайта қалпына келтіру жолында 13 жыл күрестік. Биліктегілер соншама жыл мұны оншалықты маңызды емес және керексіз мәселе санап келді. Біздің бар қателігіміз сол, сағат белдеуінің шекарасын емес, сағат тілін артқа жылжытуды сұрап жүріппіз. Шын мәнінде мәселе сол шекарада еді. Біз осы олқылықтың орнын толтыруда әлем ғалымдары – хронобиологтар, дәрігерлер, астрофизиктер, географтар және басқалар ізденістерінің сенімді аргументтерін мысалға келтіріп, қаулыға өзгеріс енгізуді талап еттік. Ал Қостанай облысы сағат белдеуін қайтаруға қол жеткізе алмады. Сол себепті сіздер Қытайдың өздеріңізден 2000 шақырым қашықтағы Хами округімен бір уақытпен өмір сүріп отырсыздар…
Қостанайлық белсенді Азамат Кәрімов облыс тұрғындарының сағат белдеуі дұрыс болмағандықтан, шегіп жүрген зардаптарының көп екенін айтып берді.
Кездесуді қорытындылаған Мұрат Сандыбаев белсенділердің айғақтарының бәрін аймақ басшысына жеткізіп баратынын мәлімдеді.