Орыс армиясы Херсонның оң жақ өңірінен жаппай қашып жатыр
КИЕВ. 9 қараша. Ресей армиясы Херсонның Днепр өзенінің оң жағалауындағы аумағынан жаппай қашуға кірісіп кетті. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Ресейдің Украина жерінің түстігіндегі командованиесінің қолбасшысы Сергей Суровикин бүгін өз армиясының Херсон облысының оң жағалауын енді бұдан ары ұстап тұра алмайтынын, сондықтан бұл жерден кететіндерін ресми жариялайтынын мәлімдеді. Бұған дейін олар Ресейдің қаладағы мемлекеттік ғимараттарға тігілген туларының бәрін өздері сыпырып алған еді.
Ресейдің «РИА Новости» агенттігі РФ армиясының қолбасшысы Сергей Суровикиннің қорғаныс министрі Сергей Шойгудің алдында осы жөнінде есеп бергенін атап өтті.
Өз есебінің барысында Суровикин оң жағалауда ресейліктер үшін «күрделі» ахуалдың туып отырғанын баяндады. Солардың бірі – Украина Қарулы күштерінің Каховка ГЭС-і ауданындағы өткелді өзінің бақылауына алып қойғаны. Суровикин тап осы жерден Днепрлің оң жағасына өтуді ұсынған болатын. Шойгу соққының астында не қоршауда қалып қойғалы тұрған солдаттардың өмірлерін сақтап қалу үшін «кейін шегінудің» мәні бар екенін айтты.
Сонымен бірге, Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк өзінің Reuters агенттігіне берген сұхбатында Херсонның үстінде өз жалаулары желбіреп тұрмайынша, Украинаның РФ шенеуніктерінің мәлімдемелеріне еш көңіл бөлмейтінін жеткізді. Бұған қоса, көп жағдайда Ресейдің мәлімдемелері мен әрекеттерінің көп жағдайда үйлесе бермейтінін ашып көрсетті. Сондықтан мұндай арбау мен алдауға түсе қоймаймыз, деді ол.
Атап өтейік, 9 қараша күні Днепр дельтасы ауданында жергілікті жерлердің спутниктен түсірілген суреттері пайда болды. Рәсімде Ингулец өзені арқылы өтетін Дария көпірінің енді жоқ болып кеткені көрініп тұр. Мұнда болған қалқымалы көпір де жойылып кетіпті. Бұдан бөлек, Херсондағы пристань да бірнешет метрге жылжығаны байқалады.
Қорытындыда, Херсонның оң жағалауына қарай өткізетін 6 өткелдің қиратылғаны белгілі болды. Оны шегініп бара жатқан РФ армиясы Украина Қарулы күштері өздерінің соңынан түсе алмауы үшін өздері жарып жіберген болып шықты.
Еске сала кетейік, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-те оккупанттарға қызмет етіп жүрген сатқын Кирилл Стремоусовтың жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқаны анықталды. Шамамен сол уақыттарда украин жалауы Снегировка мен оның шығысында енді жаудан босатылған Калиновский селосының үстінде желбірей бастағаны айтылады.