Херсонда жергілікті тұрғындар оккупанттарға қарсы шеруге шыққан
КИЕВ. 9 қараша. Херсон қаласының тұрғындары Ресей оккупантттарына қарсы шеруге шығып, «Масқара!» деп айғайлаған. Бұл туралы Obozrevatel-дің telegram-каналы хабарлады.
Каналдың видеосынан қолдарына плакаттар ұстап шыққан халықтың орыс әскерилеріне айғайлап жатқандары көрініп тұр.
Оқиға биылғы жылғы 10 сәуірде қаладағы «Юбилейный» кинотеатрының жанында болған. Шеруге шыққандар Кремль әскерлерінің қалаға басып кіргендеріне, тұтастай алғанда, Ресей басқыншылығына қарсы шыққан. Наразылық білдірушілер өздерінің ұлттық нышандарын қолдарына ұстап, «Ганьба» деп айғайлаған.
Сол шеру түсірілген жазба әлеуметтік желіде бүгін ғана тарап жатыр. Бейбіт тұрғындар онда басқыншыларға «Сендер мұнда неге келдіңдер?», «Жоғалыңдар бұл жерден!» деп айғайлаған. Топ ішінде біреудің: «Украина бәрінен жоғары!» деген патриоттық ұран көтергені де естіліп тұр.
Ресей әскерлері бастапқыда шеруге шыққандарды қоршап алып тұрған. Артынан бәрін қуып таратқан.
Херсон облыстық кеңесі басшысының орынбасары Юрий Соболевский өзінің Facebook-тегі парақшасында қаланың бейбіт тұрғындарының қаһармандық ерлігін атап көрсетеді. Ол басқыншыларға бұлайша ашық қарсы шығудың өздері үшін өте қауіпті болғанына қарамастан бұдан бас тартпағандарына тәнтілік білдіреді.