МАГАТЭ Украинадан ешқандай да «лас бомба» тапқан жоқ
КИЕВ. 3 қараша. Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) нұсқаушылары Украинадан ешқандай да «лас бомбаның» ізін таба алған жоқ. Бұл туралы «Донпресс» хабарлады.
«Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік Украинаның «лас бомба» дайындап жатқаны турасында Ресей таратқан көпе-көрнеу лақапқа қатысты өз «үкімін» шығарды», – делінген хабарламада.
«МАГАТЭ Украинада «лас бомба» дайындалып жатуының ешқандай белгісін таппады», – деп мәлімдеді МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси.
Украина үкіметінің өтініші бойынша украин жеріндегі үш ошақты тексерген Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің нұсқаушылары заңсыз ядролық қару жасалатындай ешбір материал таба алмады.
Сөйтіп, көктемей солғыр Путиннің көрер көзге қасақана жасаған кезекті бопсасы жүзеге аспай қалды.