Кадыров Херсон жерінде шешендердің көптеп оққа ұшқанын растады
ГРОЗНЫЙ. 28 қазан. Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров өзі Украинаға жиһад жариялаған соң Херсон жерінде шешендердің көп шығынға ұшырағанын мойындады. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
Оның айтуынша, өткен күні Херсон жеріндегі шешен бөлімшелеріне сапынан қаза тапқан жауынгерлер саны бұған дейінгі қай кездегіден де көп болған. Украин әскерлерінің зеңбіректен атқылаулары салдарынан 23 шешен сарбазы жантәсілім етіп, 58 солдат жараланып қалған.
Кадыровтың сөзіне құлақ түрсек, тірі қалған шешен жауынгерлері артынша қаза тапқан қаруластарының кегін қайтарып, 70 «бандеровшыны» бақилыққа аттандырып жіберген. Әрине, рас болса…
Рамзан Кадыров қаза тапқан әрбір жауынгерді жерлеуге 1 млн рубль бөлуге уәде берді. «Мемлекеттен тағы 12 миллион рубль қаза тапқандар отбасына беріледі. Жараланғандар 3 миллион алады. Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларының Меккеге қажылыққа барып қайтулары үшін қаржы қарастырамыз», – деді ол.
Шешенстан басшысы 26 қазан күні Украинаға кәтта жиһад жариялаған еді.
Украина Қарулы күштері бас штабының мәліметінше, өткен тәулікте Ресей армиясы соғыста тағы 480 адамынан, сондай-ақ 9 танкісінен, 14 ББМ-сынан, екі тікұшағы мен үш дронынан айырылған.