Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Израиль Украинаға иран дрондарын аулайтын жүйе жіберді

ИЕРУСАЛИМ. 27 қазан. Израиль Украина Қарулы күштерін иран дрондарын ұстап алатын Smart Shooter жүйесін жеткізіп берді. Бұл туралы Израильдің Debka басылымы хабарлады.

Хабарланғандай, стандартты жүйенің биіктігі – 95 см, салмағы 75 кг шамалас, бірақ бұдан да жеңілірек нұсқалары да бар, олардың бәріне пушка мен пулеметтер орнатылған.

Халықаралық қауымдастық Ресейдің Иран камикдзе-дрондарын Украинадағы соғысқа пайдалануларына байланысты Иран мәселесін қайта қарауды ұсынып отыр. Мұны Украина президенті офисі басшысының орынбасары Михаил Подоляк өзінің Twitter-дегі парақшасында атап көрсетті.

Израиль жіберген жүйе Иран дрондарын тез анықтап, жойып жіберіп тұруда таптырмайтын құралдардың біріне жатады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button