Ресей армиясы өткен тәулікте жарты мыңға жуық адамынан айырылды
КИЕВ. 25 қазан. Ресей армиясы өткен тәулікте шамамен 480 әскери қызметкерінен, үш тікұшағынан, екі дронынан, екі РСЗО мен 21 танкісінен айырылды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Бас штабтың мәліметінше, Украина Қарулы күштері тәулік бойына Луганск облысының Кармазиновка, Мясожаровка және Невское, Донецк облысының Новосадово елді мекендерінен ығыстырып шығарған.
«Қорғаныс күштерінің авиациясы өткен тәулік бойына он жеті мәрте соққы берді. Жаудың 13 ауданға шоғырланған қару-жарақтары мен әскери техникаларына және 4 зенитті ракеталы кешендері позициясына соққы бергені анықталды. Бұдан бөлек, әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелері әртүрлі бағыттарда екі тікұшақты атып түсірді», – делінген хабарламада.
Украина ракета әскерлері мен артиллериясы тәулік ішінде қарсыластың 4 басқару бекетін, он жерге шоғырланған адам күшгтерін, қару-жарақтары мен әскери техзникаларын, 6 қару-жарақ қоймасын, зенитті ракета кешенін, артиллерия мен басқа да отты позиция аудандарын соққының астына алды.
Жау Украина Қарулы күштерінің ілгері жылжуларын баяулату үшін өздері тастап шыққан жерлердің бәрін миналап кетіп жатыр. Осылайша Николаев және Херсон облыстарынан шегінген жолдары мен көпірлерге мина қалдырып кеткен.
Украин әскерлері тәулікте сондай-ақ оккупанттардың Спирное, Соледар, Бахмут, Андреевка, Марьинка және Первомайское елді мекендері аудандарында жасаған шабуылдарын қайтарды.