Украин балаларын суға батыруды ұсынған журналист жұмыстан кетті
МӘСКЕУ. 24 қазан. Ресейдің Russia Today (RT) арнасы Украин балаларын суға батырып өлтіру керектігін айтқан жүргізуші Антон Красовскийді қызметінен босатты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Жүргізуші мұны РФ армиясы басып алған жерлердің бәрі енді Ресейдікі болады деген сеніммен ол жерлердегі украин балаларын солай құрту керек деген пиғылмен айтқан.
Ресейдің насихаттың арнасы осылай жұртшылықтың ашу-ызасынан қорқып, осындай қадамға барды. Бұған осы RT каналының басшысы Маргарита Симоньянның кейінгі кездері украин әскерлерінің соғыста бетбұрыс жасағанына қарай позициясын өзгерте бастағаны да себеп болуы ықтимал.
Ал Ресей насихатшысы, RT арнасының бас редакторы Маргарита Симоньян: «Қазіргі мәурітте мен біздің ынтымақтастығысыздың күшін жоямын, өйткені, мен де, ұжымның қалған мүшелері де мұндай жабайы тірлікке жол беруден бас тартады», – деді.
Сонымен бірге, Симоньян «балалардың суға батырып өлтіру жөніндегі ойды Красовскийдің шын көңілден айтқанына сену қиын» екенін алға тартты.
Телеарнаның орыс тілді нұсқасында жазушы Сергей Лукьяненкомен сұхбат жүргізіп отырған журналист Антон Красовский Украинаның Ресей басып алған территориясында тұратын украин балаларын суға батырып өлтіруді ұсынды. Лукьяненко өз сөзінде 1980-ші жылдары бала кезінде Украинада болып қалғанын, сонда украинның орыс тілді балаларының Украинаның «москалдардың» басып алғаны туралы айтқанын әңгімеледі. Мұны естіп отырған Красовский бірден шап ете түсіп: «Ондайларды бірден қайық жүзіп жататын Тисинаның ағысына батырып жіберу керек еді. Бұл балаларды бірден суға батырып жіберу керек… Егер москалдар басып алды десе, бірден буырқанған ағысы бар өзенге лақтыру керек», – деді. Ол сондай-ақ балаларды Карпаттағы «шырша үйлерге» қамап тастап, сыртынан от қойып жіберуді ұсынды.
Украина сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба әлем елдерін Russia Today арнасының хабар жүргізуін жауып тастауға шақырды.