Израиль Иранның Сириядағы дрон шығаратын зауытын жойып жіберді
ТЕЛЬ-АВИВ. 24 қазан. Израиль әскерлері Иранның Сирия жерінде орналасқан дрон шығаратын зауытын атқылап, оның жабдықтарын жойып жіберді. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Сирия құқық қорғаушылары Израильдің Димас әскери аэропортына авиациядан соққы беріп, Иран беспилотниктерін шығаратын жабдықтарды түгел қиратып тастады.
«Сирия адам құқығы жөніндегі бақылау кеңесі» (SOHR) Израиль ракеталары Сирияның батысындағы Риф-Димашк провинциясындағы Димас әуежайы ауданына тура соққы беруі нәтижесінде Иранның ұшқышсыз ұшатын аппаратын құрастыру үшн пайдаланылатын жабдығы жойылып кеткенін баяндады. Сонымен бірге, аэропорттың радар және ұшу-қону белдеулері де атқыланған. Әзірге адам шығыны жайлы айтылмай тұр.
SOHR-дың мәліметі бойынша, 2022 жылғы қаңтарда Дамаск (Шам) маңындағы Хомс елді мекенінде орналасқан Т4 аэропортынан қаланың батыс шағындағы Димас әскери әуе жайына дрондар жасау үшін керекті қарулар мен жарақтар партиясы жеткізілген.
Құқық қорғаушылар Иран мен оны қолдаушы содырлардың соңғы кездері Димас әскери әуе жайын толық өз бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді.
Ресейге Украинадағы соғысқа пайдалану үшін берілген дрондардың бәрі осы жерде құрастырылып шығарылған деген де дерек бар.