Украинада РФ-ға көмекке келген ирандық 10 нұсқаушы жойылды
КИЕВ. 21 қазан. Украина Қарулы күштері ресейліктерге берген дрондарының ұшырылуын үйретіп жүрген 10 ирандық нұсқаушы залалсыздандырылды. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Украин қорғаныс күштерінің соққылары ресейліктер жаулап алған Херсон жерінде жүрген ирандық нұсқаушыларға да жаудай тиді.
«21 қазан күні өз елінің Shahed-136 камикадзе-дрондарымен бірге Украинаға келген ирандық 10 нұсқаушы ажал құшты», – делінген хабарламада.
Ақпарды Израильдің The Jerusalem Post күн сайын шығатын басылымы таратты. .
Негізі, Иран нұсқаушылары РФ басып алған Херсонның бір бөлігінде, сондай-ақ Қырымда тұрған. Олардың мақсаты ресейліктерге дронды қалай пайдалану керектігін үйрету, Украинадағы нысандарды бақылау болды.
Израиль басылымының ақпарын Пентагон да растады.