Иран нұсқаушылары Херсон жерінде жүргені белгілі болып қалды
КИЕВ. 18 қазан. Иранның дрон жөніндегі әскери нұсқаушыларының Херсон жерінде жүргендері білініп жатыр. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украинаның жау басып алған Херсон облысы аумағындағы астыртын ұйым мүшелері Тегераннан келген 20 нұсқаушының байқағандарын айтып отыр.
Мұны Украина Қарулы күштері арнайы операция жанындағы ұлттық қарсылық орталығы Telegram-каналда мәлімдеді.
Хабарламаға сәйкес, ирандықтар сондай-ақ Қырымнан Shahed-136 камикадзе-дрондарын ұшыруға да көмектесуде. Атап айтқанда, парсы нұсқаушылары Киров аэродромы мен Тарханкут мүйісіне жақын жердегі Чауда полигонында жүр.
Орталықтың мәліметі бойынша, дрондар КамАЗ немесе УРАЛ автомашиналарына тиеліп әкелініп жатыр. Сондай-ақ теңіз контейнерлері арқылы жеткізіліп жатқандары да бар сияқты.
АҚШ қазір Ресейге дрондар жеткізіп беріп отырған Иранға қосымша санкция дайындау үстінде. Тегеран жақын арада оккупант елге баллистикалық ракеталар да сататын сияқты.