Путин мобилизация жариялағалы 700 мың ресейлік елден кетіп қалды
МӘСКЕУ. 6 қазан. РФ президенті Владимир Путин «ішінара мобилизация» жариялағалы бері Ресейден 700 мыңға жуық азаматтың шетел асып кеткені белгілі болды. Бұл туралы Forbes хабарлады.
«Ішінара» мобилизация жарияланғаннан кейінгі екі аптаға жетпейтін уақыт ішінде Ресейді әскер жасындағы 700 мыңға жуық ер адам тастап кетті», – делінген хабарламада.
Аталған мәнбенің хабарлауы бойынша, мобилизацияның басынан бері Ресейден жалпы саны 1 млн адамға жуықтайды. РФ президенті әкімгершілігіндегі келесі мәнбенің мәліметіне сәйкес, 600-700 мың адам шамасындағы ресейлік осы аралықта шетелдерге кетіп қалған.
Forbes атап көрсеткендей, бұған дейін БАҚ-тар мобилизациядан кейінгі бір аптаның ішінде Грузияға, Қазақстанға және Финляндияға кеткен ресейліктер санының 194 мың екенін жазған еді.
Қыркүйек айының басында, мобилизациядан біраз бұрын Росстат жыл басынан бері Ресейден 419 мың адамның кетіп қалғанын баяндады. Бұл – бұдан бұрынғы жылдың осы мезгіліне дейінгі мөлшерден екі есе көп.
Қазақстан Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 4 қазанда елге 21 қыркүйектен бері 200 мың ресейліктің келгенін, осы кезеңде тағы 147 мың ресейліктің елден кеткенін хабарлады.
Грузия Ішкі істер министрлігі апта ішінде елге 53 ресейліктің келгенін мәлімдеді. Сонымен бірге, күн сайын ел шекарасынан 10 мың адамның ішкері өткені, мұның 21 қыркүйекке дейінгі мөлшерден 40-45 пайызға артық екені белгілі болды. Айдың соңында ағын ауқымы күрт төмен түсті.
Апта ішінде Еуропа одағы елдеріне 66 мың ресейлік барды, бұл содан бұрынғы аптаға қарағанда, 30 пайызға артық екен.