Украина армиясы Лиман түбінде оккупанттарды қоршауға алып жатыр
КИЕВ. 28 қыркүйек. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері Донецк облысының Лиман қаласы түбінде РФ әскерлеріне күйрете соққы беруде. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
УҚК әскерлері Лиман түбіндегі Торское елді мекеніне қарай жарып өтуге тырысуда. Мұны ресейлік әскери тілшілер жазды.
Ресей пропагандистерінің мәліметінше, украин армиясы Торскоеға осының алдына Колодези елді мекені бағытынан барлау-бақылау жасақтарын жіберген. Осыған байланысты РФ әскери тілшісі Сергей Пегов: «Алайда, жақын селолардан эвакуацияланған жергілікті бейбіт тұрғындар айтқандай, Украина Қарулы күштері бүгін Колодези ауданында Торское бағытында шабуыл жасау бару үшін штурм колонналары мен техникаларды сапқа тұрғызған», – деп баяндады.
Пегов айтылып отырған селоның Лиман мен Дробышевоға баратын жолдағы басты түйін екенін атап өтті. Ресей әсерлері одан айырылған жағдайда қоршауға түсіп қалғалып тұр.
Осы тұста Британия барлауы соңғы кездері Украина қарулы күштерінің бірнеше бағытта шабуылды жалғастырып жатқанын баяндады. Елдің солтүстік-шығысындағы шабуыл операциялары қазір айрықша белсенділікпен жүріп жатыр. Украин әскерлері шығысқа қарай Оскол мен Северский Донец деген екі бағытта жылжып келеді.
Британия барлауының мәліметінше, Ресей қазір бұрынғыға қарағанда, қорғаныс шебін едәуір күшейткен.
Бүгін таңертең Ворошилов ауданы атқылаудың астында қалды.
Тәуілікте оккупанттар тағы 400 адамынан айырылды. Осы кезге дейін Ресей армиясының 58 150 адамы оққа ұшты.
Сарапшылар қазір Украина Қарулы күштері 2022 жылдың соңына қарай басқыншыларды 23 ақпандағы позициясына апарып қояды, ал 2023 жылдың ортасында оккупанттар аннексиялаған Қырымды азат етеді деген болжам айтып отыр. Мұны АҚШ армиясының Еуропадағы бұрынғы қолбасшысы генерал-лейтенант Бен Ходжес мәлімдеді.