Күйеуі соғысқа кететінін білген әйел 4 жасар қызын пышақтап өлтірді
ПЕРМЬ. 27 қыркүйек. Күйеуі Путиннің мобилизациясы бойынша әскерге кететін болғанын білген әйел ашумен өзінің 4 жасар қызын жарып тастады. Бұл туралы ағылшынның Mirror газеті хабарлады.
Отбасындағы жанжалды күйеуінің РФ президенті Владимир Путиннің мобилизациясы бойынша әскерге баратын болғанын естіген әйел тудырған. Мұны білген бойда ұрыс шығарған ол осы ашуы үстінде 4 жасар қызын пышақтап тастаған. Содан кейін өзін өзі өлтіруге әрекет жасаған. Бірақ оның өмірін Пермьдегі аурухана сақтап қалған.
Бұрын Ресей армиясының әуе-десант барлауында қызмет еткен 29 жастағы Рамин Алиев 21 қыркүйекте Владимир Путин 300 мың резервшілерді Украинадағы ұрыс қимылдарына алу жөнінде жарлық шығарған күні шақыру алған.
Мұны естіген әйел үйде сұмдық қатты ұрыс-керіс шығарған. Оны күйеуінің соғысқа баратыны жындандырып жіберген.
Қазір аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Осыған қарамастан, десантшы жігіт армия қатарына алынған.