ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстан ресейлік қашқындарды қайтарғысы келіп отырған жоқ

АСТАНА. 27 қыркүйек. Қазақстан мобилизациядан қашқан ресейлік тұрғындарды өз еліне қайтарып жібермейді. Бұл туралы «Новая газета – Европа» хабарлады.

«Қазақстан, мобилизациядан қашқан ресейлік азаматтарды, – егер олардың өздері қылмыстық тексеруде жүрмеген болса, – елдеріне қайтарып бермейді», – деді Қазақстан Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

«Егер қылмыстық тәртіп бұзушылықтары болса ғана, қайтарып береміз. Бұл Ресей тарапынан да, біздің тарапымыздан да Минск конвенциясы шеңберінде және құқықтық көмек көрсету шеңберінде біздің парламенттеріміз арқылы ратификцияланған», – деді министр.

Алайда, ол әңгіменің қылмыстық іс шеңберінде халықаралық іздестіру жарияланған жағдайда жайында ғана болып отырғанын айтты.

«Егер әскери комиссариаттар іздеп жатқан болса, ол бұлардыы қайтару беруге негіз бола алмайды», – дегенді қосты сосын Ахметжанов.

Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел билігінің РФ азаматтарының жаппай келіп жатқандары жайында Ресеймен келіссөз жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ішкі істер министрілігінің мәліметінше, ішінара мобилизация жарияланғалы бері елгі 98 мың ресейлік кіріпті.

«Соңғы күндері бізге Ресейден көптеген адамдар келіп жатыр. Олардың көпшілігі қалыптасқан тығырықты ахуалға байланысты елдерінен кетуге мәжбүр болған. Біз олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе», – деді президент.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button