Ресей Грузияның шекарасына көшпелі әскери пункт құрып жатыр
МӘСКЕУ. 27 қыркүйек. Ресей билігі Грузия шекарасындағы «Жоғарғы Ларс» бақылау-өткізу бекетінде мобилизациялық әскери комиссариат құратын болады. Бұл туралы «Новая газета-Европа» хабарлады.
Солтүстік Осетия ішкі істер министрлігі пункттің жақын күндерде жұмыс істей бастайтынын айтып отыр.
Ведомстводағылар Грузия бағытына қарай жылжыған көліктер тасқынының айтарлықтай өсіп бара жатқанын баяндады. Шекарадағы ахуал да күрделене түсті.
«Құқық бұзушылықтар мен жанжалдардың туып кету қаупін азайту мақсатында азаматтарға шекарадан жаяу өтуге рұқсат берілді», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Кеше көліктер кептелісінің күштілігі салдарынан Грузияға беттеген азаматтардың шекара белдеуінен жаяу өтуіне рұқсат етілгені атап өтілді.
Бұдан бұрын Ресей армиясының шекара бойына БТР апарып қойғаны хабарланды.