Байден: Жалған рефрендумы үшін Ресейге санкция күшейтіледі
ВАШИНГТОН. 24 қыркүйек. АҚШ президенті Джо Байден Құрама Штаттардың өз одақтастарымен бірге Ресейге украин жеріндегі жалған референдумы үшін күшейтілген санкция салатынын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Ақүйдің қожайыны Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарында РФ жүргізіп жатқан референдумдардың құны көк тиын екенін айтты. Олар заңсыз, жалған шаралар. Сондықтан бұл әрекетРесейге жедел және күшті экономикалық қысымдар жасауға басты себеп болады.
«Құрама Штаттар украин территориялары Украинаның бір бөлігі деп санайды, ешқашан оларды өзгенің жері деп мойындамайды. Ресей референдумдары жай фиксия, жалған себеппен Украинаның бір бөлігін күшпен өзіне қосып алудың амалы ғана. Бұл халықаралық құқықтарды, соның ішінде БҰҰ жарғысының талаптарын бұзу болып табылады», – деді Джо Байден.
«Біз өзіміздің одақтастарымызбен және әріптестерімізбен бірге Ресей үшін қосымша жылдам да қуатты экономикалық соққы жасау жөнінде жұмыс істейтін боламыз», – деді ол.
Бұған қоса, оның айтуынша, Вашингтон Киевке бұдан ары да әскери көмек көрсетуді жалғастыра береді. «Біз украин халқын қолдауды жалғастырамыз және оған өзін өзі қорғауы үшін қауіпсіздік саласында көмек беріп тұрамыз», – деді америкалық президент.