17 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Байден Украинаға $61 млрд көлемінде әскери көмек беру заңына қол қойды

24 Сәуір 2024 21:08
- Дәулет, Жаңалықтар
Байден Украинаға $61 млрд көлемінде әскери көмек беру заңына қол қойды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 24 сәуір. АҚШ президенті Джозеф Байден Украина армиясына $60,64 млрд мөлшерінде әскери көмек беру жөніндегі заң жобасын бекітіп берді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Бүгін Америка үшін жақсы күн болды, бүгін еуропалықтар үшін жақсы күн болы, бүгін күллі әлем үшін жақсы күн болды – мұның осындай үлкен мәні бар. Мен Өкілдер палатасы қабылдаған, кеше Сенат бекіткен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі заңға қол қойдым, ол енді Америка мен әлемдегі қауіпсіздікті арттырады және Американың әлемдегі көшбасылығын нығайтады», – деді Ақ үйдің қожайыны.

Байден сондай-ақ Тайвань мен Израильге әскери көмек қаржысын бөлу жайлы заң жобасына да қол қойды.

АҚШ Сенатының барлау жөніндегі комитетінің басшысы Марк Уорнер атап өткендей, Украинаға әскери көмек беру ісі осы аптада-ақ басталады. Басқаларын айтпағанда, жаңа транштың ішінде 300 шақырым қашықтықтағы нысанаға дөп тиетін ATACMS зымыраны да бар. Ол Ресейдің Белгород, Курск, Воронеж облыстарының кез келген елді мекеніне еркін жетеді.

Осының қарсаңында АҚШ Сенаты Украинаға әскери көмек берудің жаңа пакетін мақұлдаған болатын. Оған дейін бұл заң жобасын АҚШ-тың Өкілдер палатасы қабылдаған еді.

Жалпы соманың үштен бір бөлігінен сәл астамы – $23,2 млрд АҚШ-тың қоры орнын толтыруға жаратылады. Украинаға қару-жарақ сатып әперуге $13,8 млрд жұмсалады, тағы $11,3 млрд «АҚШ-тың өңірдегі ағымдағы соғыс операциясына» және $26 млн Киевке жіберілетін көмекке бақылау орнатуды жалғастыруға бөлінеді. Бұған қоса, $7,9 млрд – украин үкіметі функциясын қолдауға, $1,58 млрд «Еуропа, Еуразия және Орталық Азия елдері үшін көмекке» кетеді, бірақ бұлар несие ретінде беріледі.

Бұған дейін Пентагон Байден заң жобасына қол қойғаннан кейін бірнеше күннің ішінде Киевке тиесілі көмекті бере алатынын мәлімдеген еді. Ал Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Киевке берілетін қажетті қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді бірнеше ай бұрын-ақ толық дайындап қойған екен, тек Конгрестің осы үшін арнайы қаржы бөлуін күтіп отырыпты.

Украина Президенті Володимир Зеленьский АҚШ Конгресі мен Сенатына көптеген миллиард доллар көлеміндегі әскери көмек беруді бекіткендері үшін алғыс айтты.

CNN-ның хабарлауынша, Байден әкімшілігінің Украинаға өз тарапынан құны $1 млрд-қа жуық жаңа әскери көмек пакетін дайындауды бастап кеткені жағдайға қанық бірден бірнеше мәнбе арқылы белгілі болып отыр.

Таңбалар: әскери көмекБайдензаң жобасыУкраина

Ұқсас мақалалар

АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды
Дәулет

АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

17.10.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist