Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Шенеунік Бауыржан Байбекке қарсы қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ. 24 қыркүйек. Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек жемқорлыққа байланысты қылмыстық іске күдікті болып танылды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек қаланың басшысы болып тұрған кезеңінде «жемқорлық әрекеттерді жасады деген күдікке ілінді», – деп атап көрсетеді агенттік өз мәнбесіне сүйене отырып.
Бірақ әзірге бұдан өзге дерек жоқ. Ол енді айтылатын болса керек.
Бауыржан Байбек 2015 жылғы тамыздан 2019 жылдың маусым айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. Ол бұған дейін 2013 жылғы қаңтардан 2015 жылғы тамызға дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Байбектің Түркияда жүргенін көрушілер бары атап өтілген.