Мәскеуде өткен соғысқа қарсы шеру кезінде бір қыз өлтірілді
МӘСКЕУ. 21 қыркүйек. Кеше кешке Мәскеуде Владимир Путиннің мобилизациясына қарсы жасалған шеру кезінде полицейлер қолынан бір қыз қаза тапты. Бұл туралы ОВД-News хабарлады.
Ресейдің көптеген қалаларында жұрт жаппай соғысқа қарсы акцияға шықты. Тәртіп сақшылары оларды ешбір аяусыз басып-жанжыды.
Мәскеуде шерушілерді тарату барысында полицейлер біз қызды ұрып өлтірді.
«Ұзақ уақытқа созылған үзілістен кейін бүкіл Ресейде соғысқа қарсы жаппай акциялар болып өтті. Олар мобилизация жариялануына байланысты туындады. Қазір 39 қалада шеруге шыққандардың ұсталғандары белгілі болды. Олардың саны кемінде 1310 адам болып отыр. Полицейлер оларға өте қатқыл әрекет жасады, бірнеше қалада журналистер де қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Әзірге бір қылмыстық істің қозғалғаны анықталды: Екатеринбургте бәр қызға полицейге қарсы зорлық көрсету әрекет жасады деген айып тағылып жатыр.
Шерулер барысында Мәскеуде – 538, Санкт-Петербургте – 479, Екатеринбургте – 49, Пермьде – 30, Челябинскіде – 26, Уфада – 23, Красноярскіде – 18, Воронежде – 17, Краснодарда – 14, Тверьде – 13, Саратовта – 12, Калининградта – 11, Рязаньде 11 адам қамалды. Сол сияқты Петрозаводск, Иркутск, Архангельск, Тула, Новосібір, Королев,Улан-Удэ, Железногорск, Ижевск, Самара, Салауат, Волгоград, Вологда, Якутск, Томск, Қазан,Түмен, Қазан, Иваново, Сыктывкар, Сургут, Нижний Новгород, Калуга, Вятские Поляны, Смоленск, Белгород қалаларында да ұсталғандар бар.