ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Марий Эл депутаттары Путинді лауазымынан алып тастауды сұрады

ЙОШКАР-ОЛА. 23 қыркүйек. Марий Эл депутаттары Ресей президенті Владимир Путинге наразылық білдіріп, оның отставкаға кетіруді талап етті. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

«Жергілікті депутаттар Путиннің әрекеттеріне өз наразылықтарын білдірді», – делінген хабарламада.

Марий Эл муниципалды депутаттары РФ Мемлекеттік думасына Владимир Путинді лауазымынан алып тастау жөнінде үндеу жолдады. Бұл оқиға Ресейде ішінара мобилизация жасау жөнінде жарлық шыққан күні болды.

Құжатқа ассоциация төрағасы Николай Сорокин қол қойған.

Мәтінде жергілікті кеңес жалпы жиналысының Мемлекеттік думадан «лауазымынан алып тастау үшін оның Ресей Федерациясының президентіне қарсы айып тағудың бастамашысы болуы» сұралады.

Марий Эл республикасы – Ресей Федерациясының Еділ бойы федералды округі құрамына кіретін субъектісі. Ол – фин-угор тілді марийлер тұратын республика.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button