Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Путин Украинаның ұрыс даласында жеңгісі келетініне ренжіп отыр

КИЕВ. 16 қыркүйек. Ресей президенті Владимир Путин Украинаның соғыс тағдырын майдан даласында шешкісі келетініне ренішін білдірді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Ресей басшысы мұны Үндістан премьері Нарендра Модимен кездесуі кезінде айтты. Ол «соғыстың тезірек бітуі үшін бәрін жасайтынын» мәлімдей келіп, бірақ Украинаның оны бейбіт келісіммен аяқтауға келіспей, соғыс жолымен жеңгісі келетініне ашу білдірді.

«Мен сіздің Украинадағы жанжал жөніндегі позицияңызды білемін. Біз мұның бәрі мүмкіндігінше тез аяқталуы үшін бәрін істейміз. Өкінішке қарай, қарсы жақ, Украина басшылығы келіссөз процесінен бас тартатынын мәлімдеді. Олар өз мақсаттарына соғыс жолымен, ұрыс даласында жеткілері келетіндерін мәлімдеп отыр», – деді ол.

Бұған дейін, 10 қыркүйекте Украина президенті Володимир Зеленский әзір соғыс аяқталып, Ресей тарапы ешқандай адекватты позиция ұстай алмайтындай жағдайға жеткенге дейін РФ-мен ешқандай келіссөз болмайтынын атап өткен еді.

Осыдан кейін РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Украина президенті Володимир Зеленскийдің мәлімдемесіне талдау жасай отырып, Ресейдің әлі «Украинадан өз шарттары бойынша жаппай тізе бүгуді» талап ететін уақыты келетінін баяндады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button