Астана өз атын қайтып алды, ал президент бір ретке ғана сайланады
АСТАНА. 16 қыркүйек. Бүгін Парламенттің екі палатасы Астананың бұрынғы атын өзіне қайтарып берді, ал президенттік уақыт жеті жылдық бір мерзім болып белгіленді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Парламент депутаттары елдің Конституциясына тағы өзгеріс енгізіп, мемлекеттің байтағына бұрынғы «Астана» атауын қайтарып берді, президенттің жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайлануын заңдастырды. Күн тәрітібіндегі осы ұсынысты Сенаттың 50 депутаты түгел қолдаса, Мәжілістің 99 депутатының 98-і жөн санады.
Сондай-ақ бұл норма Конституцияның бөлінбес бөлігі болып қалатыны және келешекте қайта қарауға жатпайтыны атап өтілді.
Сол сияқты Конституциялық соттың өкілдігі сегіз жылға дейін созылып, оның да қайта сайлауға жатпайтынын белгіленді.
Әділет министрі Қанат Мусин елорда атауының енді Президент Жарлығы негізінде өзгеретінін айтты. «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Конституцияда астана атауын өзгерту Президенттің Жарлығы арқылы жүзеге асырылады», деді ол.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта елорда атауының өзгеру мүмкіндігіне қатысты да пікірін білдірді.
«Астана атауы ешқашан өзгертілмейтін нормаға жатпайды. Өзгеруі мүмкін», – деді министр.
PAST.KZ:. Біз 2019 жылдан бері де Астана атын тек осы атауымен жазып келдік. Бізде өзгеріс болған жоқ. Жасанды атауға жолап көрген емеспіз.